Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Бақаева сүйікті астарының әзірлену тәсілін ұсынды

Үнемі түрлі жобаға атсалысып жүретін Салтанат Бақаева инстаграм парақшасы арқылы ас мәзірлерін бөлісті. Оларды сіз де өз керегіңізге жаратасыз деген ойдамыз.

15258729_210470502731681_2324736063542657024_n

Фото: instagram.com/saltanat_bakaeva/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осы уақытқа дейін Салтанат Бақаеваның енесі оның келін болып түскен кезде тамақ жасай алмағанын айтқан. Ол тіпті картоп қуыруды білмеген екен. Десе де, енесі келінінің ас әзірлеуді тез үйреніп жатқанын да тілге тиек еткен-ді.

Актрисаның шаңырақ көтергеніне бірнеше жылдың жүзі болды. Ол осы уақыт аралығында түрлі ас әзірлеп үйренген. Мұның дәлелі ретінде әзірлеген тағамдарының суретін инстаграм парақшасы арқылы бөлісіп отырады. Десе де, ол кәсіби аспаз болуды мақсат тұтпайтынын айтып жатыр. “Қыздар, мен аспаз болайын деп жүрген жоқпын! Кей оқырманымның “тамақ жасайсыз ба?” деген сұрағына жауабым ғой.  Уақыт болса, міндетті түрде балаларың мен жұбайыңды қуантып, түрлі тамақ жасағанды ұнатамын!” – дейді ол.

15276650_186681411794774_6281207671160832000_n

Мұнымен қатар, актриса ерекше астың дайындалу тәсілін бөлісті. “Бүгінгі кешкі асымыздың рецептін сіздермен бөлісейін деп шештім. Оны дайындау үшін бізге ет, пияз, 1 жұмыртқа, 1 картоп, тұз, қара бұрыш қажет. Осының бәрін арластырып котлет жасайсыз. Ал гарнирін әзірлеу үшін брокколи мен жасыл кәді қажет. Бәрін противеньге салып, артынша 180 градусқа дейін қыздырылған пешке саламыз. Тура 30 минут бойы пісіреміз. Жуырда анам тамаша етіп әзірлеген еді. Менікі сәл күйіп қалды. Айтпақшы,  тамақ дайын болғанда, үстіне ірімшік себесіз. Кешкі астарыңыз дәмді болсын!” – дейді ол.

Әнші бұдан өзге “әйгілі бәлішінің” видео рецептін де бөлісуді жөн көріпті.


Жіберіп алмаңыз:

«Жігіттер» квартеті өз аналарын бейнебаяндарына түсірді (видео)

Желіде Ақбота Сейтмағамбеттің күйеужігітінің суреттері пайда болды

Қыдырәлі Болманов: Сұхбатты жазған орыс тілді бейтаныс журналист. Алла кешірсін

«Өзінің жасына лайықсыз» көйлек киген Мәдина Сәдуақасова сынға қалды

Талқылау