Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Бақаева өзін тонап кеткен үй қызметкерімен соттасқан

Сахнада жүрген танымал өнер адамдарының түгелінде дерлік үй көмекшісі бар. Мәселен, үш перзенті бар Сиви Махмудидің әр баласының жеке қараушысы, яғни бас-аяғы үш қызметкері бар. Ал Салтанат Бақаева небәрі бір адамның қызметіне жүгінеді екен. Өкініштісі сол, балаларын сеніп тасырған адам бір кездері Салтанатты тонап кеткен.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бұл күндері Салтанат үй қызметшісін тек таныс арқылы алатын болған. Себебі:

“Көмекшіммен қағаз жүзінде ешқандай келісімшарт жоқ. Келген кезде құжаттарының көшірмесін түсіріп аламыз. Бірақ шын мәнінде ол көмектеспейді екен. Менің үйім бір рет тоналған болатын. Ол мүлдем көмектеспеді, тек ұялы телефоны арқылы таптық”, – деп бастады сөзін актриса.

Салтанат өзін алдап соққан қыздың үстінен шағым түсіріп, ақырында заттарын кері қайтарып алғанын айтады.

“Барлық заттарым табылды, Аллаға шүкір. Менің туған ағам Түрксіб ауданында жедел уәкіл болып жұмыс істейді. Ол көмекшім менің заттарымды ұрлап, оны Түркістан мен Сарыағаштың ломбардтарына тапсырған екен. Қайта құжаттары болды. Заң бойынша, ондай жағдайда сақшылар іссапармен арнайы барып, әкеліп береді екен. Сөйтіп өздері әкеліп, қолыма тапсырды”, – дейді Салтанат.

Бақаева бұрынғы қызметкеріне кешірім бергенін, алайда бәрібір де сот алдында жауап бергенін айтады.

“Ауыр жаза беріп, түрмеге отырғызбай-ақ қойыңыздар. Өздеріңіз біліңіздер енді деп айтқанмын. Бірақ біз кешіргенімізбен, бәрібір сот болды. Білуімше ол қызды жіберді. Бірақ соттың шешімі шыққанға дейін екі ай изоляторда отырды деп естідім”, – дейді Салтанат.

Жіберіп алмаңыз:

Бүркіт фильм түсіруге 350 мың АҚШ долларын жұмсаған

Ауыр дертпен күрескен Марлен мен Әнел өз өмірлері жайлы кітап жазбақшы

Қайрат Нұртас 1000 доллар тұратын костюмін жанкүйеріне бере салды

Жұрт Баян Мақсатқызының жас кездегі сұлулығына қайран қалды (видео)

 

Талқылау