Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Бақаева 5 баланың анасы болуды армандап жүр

Әрбір әйел адамның қызды болуды армандайтыны сөзсіз. “Қолғабыс, болашақта сырлас-құрбы болатындай жанды өзім дүниеге әкелсем” деген ой әр келіншекті мазалайтыны айтпаса да белгілі. Мәселен, үш атұстарды өмірге әкелген Салтанат Бақаева енді қызды болуды қалайды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Салтанат Бақаева

Әнші әрі актриса үш баланы өмірге әкелген кезде қатты қиналса да, тағы да сәбилі болғысы келеді екен.
“Аллаx маған уақыты келгенде Таңсұлудай қамқоршы, нәзік, сұп-сұлу қыз бұйырса екен. Босанған соң аз уақыт өтсе де, жалпы босануым ауыр болса да тағы да нәрестелі болуды армандаймыз. Себебі бала сүю бақыты ерекше. Сөзбен жеткізу мүмкін емес. 3 ұлдан кейін 2 қыз болса деп армандаймын. Ал сіздер қанша баланың болғанын қалайсыздар?” – деп оқырмандарына сауал жолдады ол.

Салтанат Бақаева

Бұл орайда желі қолданушылары баланың көп болғанын жақсылыққа балап, Бақаеваға арманына қол жеткізуін тіледі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау