Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салонда ботокс жасатып қайтыс болған әйелге қатысты жаңа деректер белгілі болды

Белгілі болғандай салонда қайтыс болған әйел БҚО бойынша мемлекеттік кіріс департаменті жетекшісі Аманжол Жақановтың әйелі болған.

Безымянный

Сурет: womanliga.com 

Ал, сұлулық салоны департамент орынбасары Бауыржан Қайдаровтың әйелінің иелігінде», – деп жазады NewTimes.kz.

91_main

Кадр “Пусть говорят” бадарламасынан алынды
Мәскеуден шақыртылған дәрігер

Қайтыс болған әйелдің өліміне күдікті ретінде Мәскеуден келген дәрігер-косметолог Эльвира Юсупова ұсталды.

Сұлулық салонының әкімшісі әйелге екпені Мәскеуден шақыртылған дәрігер Эльвира Юсупова жасағанын айтқан болатын.

screenshot

Кейбір қала тұрғындары WhatsApp мессенджері арқылы 26-28 наурыз аралығында салонға Мәскеуден дәрігер-косметолог Эльвира Юсупова келетіні жайлы хабарлама алғанын айтады. Хабарлама соңында байланыс нөмірі жазылған. Кейіннен ол нөмірдің салон иесінікі екені анықталды. Салон әкімшісі басшысының бұл хабарламаны өзінің құрбыларына таратқанын айтты. Мәскеуден келген дәрігер салон басшысының үйіне қонаққа келгені де белгілі болды, – деп жазады Мой город порталы.

393238svctk_02

Сурет: Венера Кайдарова/vk.com
Салон иесі Венера Қайдарова

Қайтыс болған әйелдің артында 3 баласы қалды. Полицейлер аталған оқиғаның мән-жайын жақын арада анықтап, хабарлайтынын жеткізді.

Қазір адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталған. БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған дерек бойынша Э. есімді косметологқа қатысты ҚР ҚК 317-бабы 3-бөліміне (медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндетін тиісті дәрежеде орындамауы) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ұсталып, БҚО ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы тергеу амалдарын жүргізуде.

Бұған дейін Оралдың сұлуық салонында екпе жасатқан әйелдің қайтыс болғанын, салон әкімшісінің қайғылы оқиғаның мән-жайын баяндап бергені жайлы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау