Салон косметологы ақтаулықтың бетін емдеймін деп күйдіріп алды
Артық қыламын деп, тыртық қылды. Ақтаулық тұрғын бетіндегі тырнақтай дақты кетіремін деп салонға барып, терісін күйдіріп алғанын айтады. Косметологтың қателігінен енді көшеде жүзімді жасырып жүруге мәжбүрмін дейді ол. Әйел қос бетінің күлбіреп күйгенін үйіне барғанда бір -ақ білген екен,-деп жазды 31 арна.
Жансұлу Құбашева косметологтың көмегіне өмірінде бірінші рет жүгінгенін айтады. Әлеуметтік желі арқылы косметолог тауып, сұлулық салонына барған. Шебер арнайы сұйықтықпен бетімнің үш қабатын сырып алды дейді. Айтуынша, салон беттің күйгені қалыпты жағдай деп клиентті сендірген. Бірақ, сол күні қызуы көтеріліп, беті ісіп, кейін орны мынадай қара дақ болып қалған айтады.
«Енді не істерімді білмеймін. Визитная карточка бет дейді ғой. Мен мынадай бетпен қайда барамын. Емдететін ақша керек. УВД-ға барып едім өтініш жазғанмын. Оны жоғалтып алдым дейді»,-дейді Зардап шегуші Жансұлу Құбашева.
Бетіндегі күйіктің кетпей тұрғанына үш айдан асты дейді, – Жансұлу. Ал, косметолог оны екі ай тегін емдеп, ақыры жоя алмапты. Бірақ қазір шебер өзі жұмыс істеген салоннан шығып кетіпті. Түсірім тобының да косметолог маманмен сөйлесуге мүмкіндігі болмады.
Ал Жансұлу жеке клиникаға барып тексеруден өткен. Дәрігерлер оның беті химиялық күйік екенін растап отыр. Ал Ішкі істер департаментінің өкілдері оның шағымын қабылдағанмен іс қозғалмайтынын айтады.
Өйткені қылмыс жоқ. Тергеушілер Жансұлуға азаматтық сотқа жүгінуге кеңес береді. Бұл жалғыз Жансұлудың басындағы жағдай емес, елімізде сұлулықтың соңы сор боп жабысқан 200-ден аса қыз келіншек бар екен.
Оқи отырыңыз:
Әкешім, сені сағындым! Айсәуленің әкесі туралы жазбасы көптің көзіне жас келтірді
Баян Мақсатқызы: Маған қалай өмір сүру керектігін үйретпеңіздер
Димаштың есімі соңғы бір айда 64 448 рет аталған
Джеки Чан Димаштың суреті бейнеленген футболка киіп жүр (фото)