Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салмағым 100 келіден асады: Бозымбаев саясаттағы салмағы туралы әзілдеді

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев ұзақ уақыт бойы саяси салмағын қалай сақтап келе жатқаны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Қанат Бозымбаев

Сурет: kursiv.kz

Бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты кезінде тілшілер энергетика министрінен саясат сахнасындағы салмағын сақтап қалуының сырын сұрады. Өз кезегінде министрі бұл сұраққа әзілмен жауап берді.

«Күшің неде деп сұрасаңыз, салмағым 100 келіден асатынын айтқым келеді. Бәлкім, саяси салмағымның себебі осы болар. Қалжыңдаймын. Жалпы айтарым, ең бастысы ешқандай қиындықтарға қарамай жұмыс істеп, нәтижелерге қол жеткізіп, күнделікті стратегиялық шешім қабылдау қажет. Кей кезде қабылдаған шешімдер белгілі бір деңгейде қате болуы да ықтимал. Алайда басшылық қойған міндеттер бойынша алға жылжуымызға тиіспіз. Үкіметтің стратегиялық жоспарын орындауымыз керек», – дейді Бозымбаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау