Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салмағы 95 келі қыз «Перу аруы» байқауының финалына өтті

Салмағы 95 келілік Мирелла Пас Бейлон есімді бойжеткен «Перу аруы» конкурсының финалына өтті. Ол байқау тарихында финалға шыққан plus-size форматындағы алғашқы қыз болды.

f97b4d6197220ed276d9d934fb571803_L

Сурет news.allinfo.kz

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

19 жастағы Мирелла тәж үшін күресетін 10 бойжеткеннің бірі болды. Оларды төрешілер байқауға қатысқан 30 қыздың ішінен таңдады. Ол басында 115 келі болған екен. Алайда сайыс алдында 3 ай бойы 20 келі салмақ түсіріпті. Мирелла финалға дейін әлі де біраз арықтай алатынына үміттенетінін айтты. Өйткені ол диетада отырып, спортпен шұғылданады екен.

Бойжеткен университетте сәулетші мамандығы бойынша білім алуда. «Перу аруы» сәуір айының аяғында анықталады. Жеңімпаз «Әлем аруы» байқауында өз елі атынан өнер көрсетеді.

Талқылау