Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салмағы 145 келі болатын әйел туыс сіңлісінің үстіне отырып алып, оны тұншықтырып тастады

Америкалық әйел туысқан сіңлісінің үстіне отырып, оны өлтірді деген күдікке ілінді.

Бұл туралы The Washington Post жазады.

Оқиға Флорида штаты, Пенсакола қаласында болған. Салмағы 145 келі тартатын 64 жастағы Вероника Поузи тоғыз жасар туысқан сіңлісін жазалау үшін оны сызғышпен және металл трубамен ұрған. Қыз қаша жөнелген кезде әйел оны қуып жетіп үстіне отырып алады. Салмағы 34 келі болатын қыз тыныс ала алмай қалғанын айтып жалына бастайды, бірақ Поузи өзінің әрекетін тоқтатпаған.

Әйел тұрған кезде, қыз өліп қалған екен. Дәрігерлердің айтуынша оттегі жетіспегендіктен қыздың жүрегі тоқтап қалған. Поузидің қыздың үстінде қанша уақыт отырғаны белгісіз.

Поузидің әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қыздың ата-анасы да балаларына тиісті көңіл бөлмегені үшін айыпталып отыр. Бұл іс бойынша сот отырысы 3 қарашада өтеді.

Жіберіп алмаңыз:

Forbes ең бай америкалықтардың тізімін жариялады

Атамбаев: Назарбаев туралы айтқан кезде эмоцияға салынып кеттім, менікі дұрыс болмады

Алладан басқа ешнәрсеге ешқашан сенбеймін: Жээнбеков туралы не білеміз?

Ең бай қытайлық 30 жылдан соң мұнайдан да маңызды болатын затты атады

Талқылау