Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Салмағы 100 келіден асқан қазақ қызы 35 келі салмақ тастағанын айтты

Жер бетіндегі 2 миллиардттан астам адам артық салмақтан зардап шегуде. Бұл қауіпті тенденция біздің елде де байқалады. Диетолог мамандардың сөзінше семіздік көрсеткіші орта жастағы ер азаматтардан гөрі әйелдердің арасында дендеп барады.

Неге? Сұлулықты жаны сүйетін қыз-келіншектердің артық салмақ жинауына не себеп? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ұлттық тағамдану академиясы жүргізген зерттеуге сүйенсек, ел тұрғындарының тең жартысы артық салмақпен күресуде. Тіпті соңғы жүргізген статистика жаға ұстатады. Мәселен  ер азаматтардың 49,2 пайызы, ал әйелдердің 55,5 пайызының артық салмақтан зардап шегетіні анықталған.

Артық салмақтан арылу дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ауруына айналғаны қашан. Ал бұл дерттің  қыз-келіншектер ортасында белең алғаны тіпті  қиын. Себебі, келешек ұрпақтың денсаулығы тікелей әйелдерге байланысты, дейді мамандар.  Сондықтан да қазірден бастап бұрымдылардың дұрыс тамақтануына баса назар аударған жөн, дейді. Әйтпесе, рак, диабет, өзге дерттің көрсеткіші көңіл көншітпейтін болады.

“Артық салмақ өте қауіпті болып есептеледі. Оның арты көптеген қант диабеті, қалқанша безінің ауырып, қызметінің нашарлануына алып келеді. Гипотериоз, артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруларына алып келуі мүмкін”, – дейді гастроэнтеролог Жұлдыз Омарова.

Есептесек,  4 миллион адамның салмағы шамадан артық екен. Оның бір бөлігі семіздік зардабын шегуде.Статистикаға сенсек, артық салмақ көбіне  25 пен 59 жас аралығындағы қыз-келіншектер мен әйелдердің арасында көбейген. Қазақстанды ғана емес әлемді жаулаған эпидемияны мамандар бүй деп түсіндіруде.

«Бүгінгі заманда көптеген газдалған сусындар, тәтті сусындар және майлы фаст-фуд дейміз. көптеген тәтті тағамдар бұл бір емес, біраздан бері  айтылып келе жатыр, Іздеулер бойынша 100 проценттің ішіндегі 20 процент адамның өмірі қысқарып келеді,- дейді.  Ол тек қана өмірдің қысқаруына емес, ол өмірінің сапасын төмендетеді”, – дейді тағы бір маман.

Танымал әнші Зарина Омарова артық салмақтан зардап шеккенін жасырмайды. Тіпті, 10 жыл үйде отырып, қалай  бұрынғы дене-бітімін жоғалтып алғанын байқамаған. Түрлі сын-пікірілерге құлақ аспаса да, жолдасының айтқан сөзі сүйектен өтіпті.

«Менде да қиындықтар болды. Біраз қарын ашқаннан кейін ұйықтай алмай. Жылаған түндерім де болды.  Оның бәрін жасырмаймын, айтамын. Қыздар ойлайды түнде бірдеңе ішіп алды да, таңертен тұрды да арық болып шыға келді. Олай болмайды. Еңбексіз ештеңе де болмайды. Ал енді менің қасымдағы жарым маған сөйтіп айтып жатса, маған неге арықтамасқа. Оның көзқарасы маған басқаша болу керек деп ойладым», – дейді әнші Зарина Омарова.

Сондай-ақ сұлу мүсін, қыпша белді армандағандардың бірі –  Әйгерім Оразалиева. Оның салмағы осыдан бірнеше жыл бұрын 100 келіден асыпты. Іштей қажыған ол дене-бітімін ретке  келтіруге бел буыпты. Айтуынша, сұлу мүсін оның өмірін 180 градусқа өзгерткен. Дұрыс-тамақтануды бүге-шүгесіне дейін зерттеп, соңында  өз бизнесін ашуға мотивация тапқан.

«Толық кезімде, мамаммен бірдей размер кидім. 54-56. Мама екеуміз киім алмастыратын болдық. Содан өте қысылдым қатты. Енді ол кезде жасым 24-25-те. Жас қызбыз ғой. Әдемі киінгім келеді. Джинсы кигім келеді. Джинсы мүлдем сыймайтын болған. Содан көп қысылып, көбісі артық сөздер айтты. Солар тиді. Соған мотивацияланып, қазір мысалы 44-46 размерде киім киеміз. 35 келіге арықтадым», – дейді Әйгерім Оразалиева.

Осылайша, жер бетіндегі 700 миллондай тұрғынның басынан бақайшығына дейін май басып, семіздік азабын тартуда. Қауіпті тенденциямен күресу шаралары әлдеқашан басталып кеткен. Бірақ стресс пен депрессия, фаст-фудтың көзін жоймайынша жасаған әрекеттер көк тиын. Сондықтан әркімнің денсаулығы өз қолында дейді мамандар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр