Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәлемдеме қорабында 8 күн бойы отырған мысық тірі қалды

Ұлыбританияда Капкейк есімді сиам мысығы DVD сәлемдемесінде 8 күн бойы отырып, тірі қалған.

ec3d3cbcd95e8a738ee2bc9cf92685db_L

Сурет: www.vesti.az

Капкейк иесі корнуоллалық Джули Бэгготтың Батыс Суссекс аймағына жібермек болған сәлемдемесінің қорабына кіріп алған. Бэгготт та өзінің мысығын көрмей, қорапты мөрлеп жіберген. Жануар сәлемдеме қорабында 8 күн отырып, 400 км жолды артқа тастаған.

Бэгготт бастапқыда мысығының үйден қашып кеткенін ойлап, оған іздеу салған. Тіпті оны жақын маңдағы орман, алқаптардан іздеген. Британдық азаматшаға Уэртинг қаласында сәлемдеменің ішінен мысығы -Капкейктің шыққанын телефон соғып айтқанда ол сенер-сенбесін білмеген.

Ветеринарлар мысықтың шөлдегеннен қатты қиналғанын, алайда мысықтың жалпы жағдайы жақсы екенін айтып отыр. Жануар иесі Капкейктің мойнындағы микрочип арқылы табылған.

Талқылау