Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сал аруына шалдыққан жігіт емі үшін Қайрат Нұртастың өзіне сыйлаған пиджагын сатпақшы

Басылымның кешегі аптада жарық көрген нөмірінде «Қайрат Нұртастың пиджагын сатамын» деген тақырыппен шағын жарнама жарық көрген болатын.

Безымянный

Бұл туралы Замана газеті хабарлайды.

Осы жарнамаға байланысты біздің редакциямызға хабарласып, мән-жайды сұрағандар көп болды. «Бұл расында да Қайрат Нұртастың пиджагы ма?», «Оны әлгі адам не үшін сатпақшы?» деп сұрақ қоятындардың қатары көбейген соң біз жарнама берушінің өзімен тілдесуді жөн санадық. Қайрат Нұртастың қымбат бағалы киіміне ие болған жігіттің есімі — Қазыбек Дарханбай, ол Шардара қаласында тұрады екен.

«Бұл бағалы сыйлық маған 2015-жылдың 24-мамырында бұйырды, — дейді Қазыбек. — Дәл сол күні Қайрат Нұртас біздің ауданға арнайы келіп, жеке концертін өткізген болатын. Сол кеште мен қолыма микрофон алып, оған деген тілегімді айттым. Әндерін сүйіп тыңдайтынымды білдірдім. Соған риза болды ма, әйтеуір маған аса бағалы тастармен көмкерілген аппақ пиджагін сыйға тарты.

pidjag

 

Шынымды айтсам, ол пиджаг өзіме қатты ұнайды. Өлшемі де өзіме құйып қойғандай. Сатуға қимаймын. Бірақ олай етпеске амалым болмай тұр. Мен сал ауруына шалдыққанмын. Жиі ем қабылдап тұруға тиіспін. Ал кезекті ем курсын қабылдау үшін ақша таба алар емеспін.

Маған негізі тұп-тура 450 мың теңге керек боп тұр. Сол себепті мен Қайрат Нұртастың пиджагын осы сомаға бағалап отырмын. Бірақ алатын адамдар кездесіп жатса 350-400 мың теңгеге де бере салар едім».

Қазыбекпен әңгімелесе отырып түсінгеніміз, әзірге пиджакты алатын нақты адам табылмапты. Жарнама арқылы хабарласушылардың көбі оны тым қымбатқа бағалап отырғанын айтады екен. Сондай-ақ оның сөздерінен дәл қазір қиын жағдайда тұрғанын, емделуі үшін ақша таппай отырғанын аңғардық.

kazbek

Кім біледі, бәлкім таяу уақытта атақты әнші сыйға тартқан киімді сатып алатын адам табылатын шығар. Мүмкін Қазыбек бауырымызға жай ғана көмек қолын созатын жомарт жандар да кездесіп қалатын шығар деген ойдамыз.

Қазыбек Дарханбайдың байланыс телефоны – 8-702-981-78-56.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас: Қазақстанда тұрып мен неге басқа тілде сөйлеуім керек?

Тыңдарманы Қайрат Нұртастың саусағынан неке жүзігін байқап қалды (видео)

Қайрат Нұртас жаңа фильмінде жұрттан жасырған құпиясын ашпақ

Оралдағы Қайрат Нұртастың концертінде қыздар төбелес шығарды (фото, видео)

Қайрат Нұртас Кремльге барып ән салғысы келетін арманын айтты

Талқылау