Сақтар туралы 10 дерек

Stan.kz ақпараттық агенттігі сақтар туралы танымдық деректер ұсынады.

Сақтар туралы деректер

Ежелгі Қазақстан тарихында ерте темір дәуірі зерттеуге тұрарлық қызықты тақырыптардың бірі. Себебі, осы кезеңде алғашқы мемлекеттік құрылымдар пайда бола бастады және қоғам түбегейлі сыныптарға бөлініп, метал өңдеу өнерінің дамуына жол ашылды. Бұл мемлекеттерді зерттеу, соның ішінде сақ тайпасының таризы, осы кезеңді зерттеудің ажырамас бөлігі болып табылады.

1. Сақтар біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағында мекен еткен ежелгі тайпа. Сақ тайпасының халқы өздерін сақа, сақ деп атаған.

2. Ал, көне гректер скиф деп атап кеткен. Ол туралы тарих атасы Герадот «Тарих» атты еңбегінің 5 томында айтып өтті. Сондай-ақ, Герадот және басқа да антик тарихшылары сақтарды «Азия скифтері», яғни азиялық скифтер деп атаған. Бірақ, сақтардың қалай аталғандығы туралы дерек көп.

3. Сонымен, гректер сақтарды «азиялық скифтер» десе, парсылар «құдіретті еркектер», ал Иран жазбаларында «жүйрік атты турлар» делінген.

4. Тарихта олар Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта мекендеген делінеді.

5. Жазба деректерде сақтардың Қазақстанның барлық аумағын мекендегені және олардың үш топқа бөлінгені көрсетілген.

Біріншісі, шошақ бөрік киіп жүретіндеріне қарай шошақ бөрікті тиграхауда сақтары деп аталған. Екішісі, хаома сусысын дайындайтын хаомаварға сақтары. Ал үшіншісі, Орта Азияның оңтүстігі мен Арал теңізінің төңірегін және Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген, яғни теңіздің арғы жағындағылар деп аталып кеткен парадарая сақтары.

6. Сонымен қатар, оңтүстікте – массагеттер мен даилер, солтүстікте – аргипеилер, шығыста – аримаспылар, орталық аудандарда – исседондар, батыста – савроматтар, оңтүстік-батыста – каспылар өмір сүрді.

7. Тарихшытардың еңбегінде сақтардың ержүрек, батыл тайпа болғаны айтылған. Сақтардың ержүрек, жауынгер тайпа болғанын сақ патшайымы Томирис туралы аңыздан да аңғаруға болады.

Деректерге сүйенсек, б.з.б 530 жылы Кир бастаған парсы әскері сақ жеріне басып кіреді. Сол уақытта сақтарды Томирис патшайым билеген болатын. Және әйел екеніне қарамастан, ол парсылармен қиян-кескі соғыс жүргізеді. Кир әскері Сырдария аумағына дейін келіп, сақ билеушісіне елші жібергенде Тұмар патшайым онымен келіссөз жүргізуден бас тартады. Оған ашуланған Кир сақтарға қарсы шабуылға шығады.

8. Бірақ, Томирис патшайым өз жерінде соғысқанды қолайлы деп тауып, әдейі парсы әскерінің судан өтуіне мүмкіндік береді. Сөйтіп, жау қолын өзеннен өткізген сақ билеушісі біршама жер жүргеннен кейін қостарын тігеді. Бірақ, парсы билеушісі қулыққа көшіп, қорыққан сыңай танытып, әдейі қашады. Сонда Томиристің Ыспарғапис есімді ұлы жаудың артынан қуамын деп алданып, қақпанға түсіп, қаза болады. Ал баласының өлімін естіген сақ патшайымы Кирдің басын тауып әкелуге бұйрық беріп, қалың қолмен парсы жеріне соғысқа аттады.

9. Сол ұрыста сақтар парсы әскерін ойсырата жеңіп, Томирис патшайым қанға тоймаған парсы билеушісі Кирдің басын алдырып, жазалайды. Ол әскерлеріне тері қапты қанмен толтыруды бұйырып, Кирдің басын ұстап тұрып: «Сен осында қанды аңсап келіп едің, енді өз қаныңды тойып іш!» деп, өшін алған. Міне, тарихшылар жазып кеткен осы аңыз да сақтардың батыл, ержүрек, жауынгер тайпа болғанын дәлелдейді.

10. Ал, Шырақ есімді сақ малшысы туралы аңыз сақтардың өте ақылды және жауынгер болғанын тағы бір дәделдемек. Сол заманда Шырақ есімді малшы жігіт өз денесін пышақпен тілгілеп, алдынан шыққан жауға сақ көсемдерінен қорлық көрдім деп, ақылдылығымен жау әскерін алдап түсірген. Оның қызыл-ала қан болған денесін көрген жау қолы малшы жігіттің сөзіне сеніп, оның артынан еремін деп, шөл далада адасып, қырылып қалады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар