Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сақтандыру полисінің қағаздағы түрі болмағаны үшін жүргізушілерге айыппұл салынбайтын болады

Ұлттық банк хабарлауынша, сақтандыру ұйымдарының клиенттері сақтандыру келісімшартын электронды түрде жасай алады, сонымен қатар электронды сақтандыру полисін рәсімдей алады. Электронды келісімшартты міндетті және ерікті сақтандырудың барлық түрі бойынша жасауға болады.

Сақтандыру полисінің қағаздағы түрі болмағаны үшін жүргізушілерге айыппұл салынбайтын болады

Сурет: Sputnik / Григорий Сысоев

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жүргізушінің сақтандыру келісімшартын жасаған, жасамағанын бірыңғай база арқылы тексеруге болады.

Осылайша, міндетті сақтандыру келісімшарты бойынша қағаз түріндегі полистер қажет болмайды. Жүргізушілерге әкімшілік полиция қызметкерлеріне сақтандыру полисін көрсету қажет емес.әкімшілік кодекске енгізілген өзгертулерге сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзімен бірге сақтандыру полисі болмаған жүргізушіге 5 АЕК көлемінде (2018 жылғы ахуал бойынша 12 мың теңгеден аса) айыппұл салынбайтын болады.

Аталған өзгеріс халық пен бизнес үшін сақтандыру құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сақтандыру төлемдерін алу мерзімін жылдамдатады, дейді Ұлттық банктегілер.

Қазіргі уақытта ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабында өзімен бірге жүргiзушi куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген басқару құқығына уақытша куәлiгi, көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисi, көлік құралына тіркеу және заңнамада белгiленген өзге де құжаттары жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатыны көрсетілген.

Өзгерту енгізілгеннен кейін, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабы 1-бөлігіндегі абзацта сақтандыру полисі болу керектігі туралы ереже алып тасталады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау