Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сахнада рэп оқыған Димаш Құдайберген жанкүйерлерін таңғалдырды (видео)

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайда өткен Idol Hits шоуында өнер көрсетті,  деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сахнада рэп оқыған Димаш Құдайберген жанкүйерлерін таңғалдырды (видео)

Димаш «Screaming» әнін орындау кезінде өз ана тілінде рэп оқып, жаңа қырынан танылды. Шетел сахнасында қазақ тілінде рэп оқыған отандық әнші жанкүйерлерін таңдай қақтырып, қошеметке бөленді.

Сахнада рэп оқыған Димаш Құдайберген жанкүйерлерін таңғалдырды (видео)

«Димаш кез-келген әнге жаңа дем береді. Ал, ол бұл әнді өте ерекше орындап шықты. Жерлестеріміз үшін қашан да қуаныштымыз! Алар асуы көп болсын!»,- дейді желі қолданушысы.

Сахнада рэп оқыған Димаш Құдайберген жанкүйерлерін таңғалдырды (видео)

«Рэпті де еш қиындықсыз оқиды. Жарайсыз Димаш! Уақыт өте келе Димаш Американың музыка әлеміне шыққанда, оны әлем халықтарының сүйікті әншісі ретінде танитын болады. Бірақ, біз оны қазір түсінбейміз»,- дейді тағы басқалары.

«Жалпы Димашқа дейін маған поп-музыка ұнаған емес. Бірақ, кенеттен ол рэп оқи бастап еді, мен тіпті рэпті жақсы көріп кеттім. Димаштай -ау, айтарға сөз таппай қалдық қой. Рэп деген не пəле деуші едім. Өте жарасымды комбинация, алға!»,- деген пікірлер жазған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау