Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сахалинде итбалықтың баласы “селфи” кесірінен өлді

Сахалинде жергілікті тұрғындардың “селфи” нысанасына айналған итбалық тұқымдас жануардың төлі өліп кеткен.

940406778

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

“Жергілікті тұрғындар жағалаудан итбалықтың баласын тауып алып, оны қолдарына ұстап суретке түсе бастаған. Бірақ, тыныштықта ғана өмір сүріп, тек анасын ғана білетін кішкентай жануар мұндай шуға шыдамаған”, – дейді “Жасыл Сахалин” табиғатты қорғау қорының өкілі Александр Иванов.

Маманның айтуынша, итбалықтардың стресс кесірінен өліп кетуі жиі қайталанады екен.

“Адамдар оларды қолдарына алып қызықтап, онымен суретке түсіп алғысы келеді. Алайда итбалықтар сабырлы емес, олар мұндай шудан қорқады. Сондықтан оларға тиіспеген жөн”, – дейді Иванов.

Талқылау