Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев желіде спорттық эстафета бастады (видео)

Әнші Сәкен Майғазиев желіде эстафета бастады. Эстафета шартына сәйкес қатысушы бір минут бойы аяғын көтеріп, турникке асылып тұруы тиіс.

image

Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қазақстандық жұлдыздар арасында жаңа эстафета басталды. Бұл эстафетаның шартына сәйкес ер азаматтар бір минут бойы аяғын көтеріп, турникке асылып тұрады. Және эстафетаны қабылдаған адам оны келесі үш адамға ұсынады.

Алғашқылардың бірі болып Сәкен Майғазиев эстафетаға атсалысты. Ол турникте шынығып жатқан сәтін таспалап, оны әлеуметтік желіге жүктеді. Артынша эстафетаны Азамат Сатыбалды, Бағлан Әбдірайымов, Нұркен Өтеуілов сынды өнердегі әріптестеріне ұсынды.  Мұнымен қатар, желі қолданушыларын да аталған эстафетаға қатысуға шақырды.

“Өзге оқырмандарым да қабылдаса, қуанып қалар едім. Спорт – сергектік кепілі”, – дейді Сәкен Майғазиев.  Әріптестері бұл эстафетаны қабыл алғанымен, оны орындаудың қиынға соғатынын жасырмады. “Сәкен аға, қабыл алдым! Мен үшін бұл қиын”, – дейді Бағлан Әбдірайымов. Желі қолданушылары да өз кезектерінде қуана-қуана қатысатындықтарын жеткізіп жатты.


Жіберіп алмаңыз:

Сәкен Майғазиев “Ninety one” тобына қатысты пікір білдірді

“Ninety One” тобының ата-аналары оларға сырға мен боялған шаш үшін ұрысқан

Әнші Асхат Тарғын тойда асабамен төбелесіп қалды (видео)

Гүлмира Ақүрпекованың күйеуін өз құдашасы тартып алған (фото)

 

Талқылау