Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев желіде Головкинді қолдау эстафетасын бастады (видео)

Қазақ елінің мақтанышы Геннадий Головкиннің мексикалық боксшы Сауль Альвареспен өтетін жекпе-жегін күллі әлем күтіп отыр. Әлем таныған Головкиннің шаршы алаңдағы 38-кездесуіне небәрі 4 күн қалды. Бұл ретте Сәкен Майғазиев GGG-ді қолдауға шақырып, желіде эстафета бастады.

saken 130917

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“17 қыркүйекте таңғы уақытта Лас-Вегас қаласында күллі әлем көз тігетін жекпе-жек өтеді! Еліміздің мақтанышы Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареспен жұдырықтасады! Біз: “Əкем –орыс, шешем – кəріс, ал мен – қазақпын!” дейтін жаны қазақ, жүрегі қазақ жерлесімізге жеңіс тілейміз! 37 жекпе-жек – 37 жеңіс!  Біз кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген жерлесімізді қолдаймыз! Шаршы алаңда шашасына шаң жұқтырмаған қазақ батыры – Геннадий Головкинді бірге қолдайық! Жұлдыз FM радиосы Геннадий Головкинді қолдауға арналған флешмоб бастап отыр! Арнайы флешмобқа қосыл! Эстафетаны жалғастыр!” – деп жазды Майғазиев.

Жіберіп алмаңыз:

Ұрыс-керіс шаршатты: Бір топ көрермен Аша Матай жүргізетін бағдарламаны жауып тастауды ұсынды (фото)

Ақбота Сейітмағамбет: Тоқал болып күйеуге шыққан жалғыз мен бе?

Нұртас Адамбай Нью-Йорк полициясының мәдениеттілігіне қайран қалғанын жеткізді

Қайраттың “келіншегі” халыққа қос ұлын таныстырды (фото, видео)

Талқылау