Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев жеке кешіне бірнеше күн қалғанда ауырып, даусы шықпай қалған

Сәкен Майғазиев «Жүрегім ішіндегі жүрегім» атты ән кешін фонограммасыз өткізді. Бір күнде екі кеш берген Сәкен сахна  шымылдығын «Лала гүлдер» атты әнмен ашты.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жеке кешіне бес күн қалғанда әнші тұмаудың аса ауыр түрімен ауырған. Одан ыстығы көтеріліп, дауысы шықпай тәуір қиналыпты. Тіпті, ауруы асқынғаны соншалықты үш бірдей дәрігер жан-жағынан жаны қалмай емдеп, ақыры жазады.

«Тіпті, дәрігерлердің түсіне де кіріп кетіппін», – дейді ҚР Еңбек сіңірген артисі Сәкен Майғазиев.

Алматы төрінде алғашқы концертін берген Сәкен шоу қылып өткізді. Сахнаны ерекше етіп безендіру үшін біраз тер төккен. Режиссер өзіміздікі болғанымен қажетті техниканың барлығын шетелден алдыртқан.

«Екі көзге ерік беретін кездер болып жатыр. Сол жағынан ғана қатты қиналып жатырмын. Ал былай халықтың шексіз ықыласына шүкіршілік айтамын», – дейді әнші Сәкен Майғазиев.

Шетелде білім алып келген опера әншісі Зарина Алтынбеваға «Сен үшін» атты арияны бірге шырқауға Сәкеннің өзі ұсыныс жасапты.

«Дайындық кезінде еш қиналған жоқпыз. Бірнеше ай бойы дайындалдық», – дейді опера әншісі Зарина Алтынбаева.

Оқи отырыңыз:

Баян Алагөзова не себептен ана тілінде сөйлемейтінін айтты

Баян Алагөзова “СиСиТай” мюзиклінен қанша пайда тапты

Бір күнде үш концерт берген Сәкен Майғазиев ауруханаға түсіп қалды

Азамат Сатыбалды: Жалғыз балам менен талай мәрте шапалақ жеген

Талқылау