Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев той әндерін насихаттауға қарсы шықты

Белгілі әнші Сәкен Майғазиев бұдан былай той әндерін насихаттамайды. Ол мағынасыз әрі сапасыз музыканы жарнамалауды өтінген әріптестерінің бетін қайтаруда.

майгазиев-220217

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Мейлі, танымал адам болсын, ол енді шығып келе жатқан жас болсын, кәдімгі бір сөзбен айтқанда «дікс-дікс» дейміз ғой, тойдың музыкаларын салған адам «аға, осыны насихаттап беріңізші» деген кезде мен бірден бас тартамын. Неге десеңіз, бәріміз тойдан ақша табудың, тойдың үдесінен шығуды ойлап кеткен заман болып кетті”, – деп түсіндірді Майғазиев.

Өнердегі інілері Майғазиевтің бұл пікірімен келіспейтін болып шықты. Мәселен, Айқын Төлепберген:

“Онымен келіспеймін, кез-келген әнді насихаттауға болады. «Әркімнің өнерге бар таласы» демекші, той әндерінің де шырқалатын жері болады”, – десе, Бейбіт Көшқалиев:

“Адамды инстаграмнан жоғары қоюға болмайды. Ол болмайтын нәрсе ғой, оның несін аяйсың? Сол үшін әріптестерге насихат айтамын, оны аямай, таңдамай салсын”, – деп түйіндеді.

Жіберіп алмаңыз:

Төреғалидің туған қарындасына арнаған өлеңі көптің жүрегін елжіретті

Джеки Чан Димаштың суреті бейнеленген футболка киіп жүр (фото)

33-ке толған Мақпал Исабекова туған күнін қалай атап өтті? (фото, видео)

Бақытбек Есентаев: Баянның опасыздығы үшін ол азаматтың отбасының бұзылғанын қаламадым

Талқылау