Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев теледидардан “түспейтін” Нұрлан Еспановты әжуалады

Әнші әрі композитор Нұрлан Еспанов отандық бағдарламалардың басым бөлігіне қатысып шыққан. Бұл туралы оның әріптестері мен тыңдармандары жиі айтады. Еспановтың өзі де оны жоққа шығармайды.

еспанов майгазиев 2903

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бұған дейін бір сұхбатында Еспанов шақырған жерден қалмайтынын, көбінесе журналистердің көңілін қимағандықтан келісе беретінін айтқан еді.

Бүгін – Нұрлан Еспановтың туған күні. Бұл ретте Сәкен Майғазиев тамаша мүмкіндікті қалт жіберместен әріптесін құттықтады. Еспановқа деген ақ тілегін әжуамен жеткізген Майғазиев желідегілерді күлкіге қарық қылды.

“- Нұреке, осы сіз қатыспаған бағдарлама қалды ма?
– Қалды ғой, е…
-Қандай?
– СТВ арнасында шырақ жағып қойып, бал ашып отыратын екі әйелдің бағдарламасы.
Нұреке, Алла берген күш қуатын жақсылыққа жұмсап, жарқырап, жүгіріп жүре беріңіз”, – деп әзілдеді Майғазиев.

Жіберіп алмаңыз:

Опа-далапты жарнамалаған Димаш сынға қалды (видео)

Әбдіжаппар Әлқожа далада қалғалы тұрған 8 балалы отбасына көмек көрсетті (видео)

Алтынай Жорабаева Ақжарқын Тұрлыбайға қаржылай көмек көрсетті (видео)

Димаш Қытайда шығатын компьютерлік ойынның кейіпкеріне айналды (фото)

Талқылау