Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев отбасындағы қуанышын бөлісті (фото)

Сәкен Майғазиевтің тұла бойы тұңғышы Сүлеймен Демирел атындағы қазақ-түрік университетінде білім алып жатқан болатын. Күні кеше Әділет Сәкенұлы аталған ЖОО-ны тәмамдап, жоғары дәрежелі маман атанды.

1

Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші қуанышы қойнына сыймай жүргенін жасырмайды. Баласының диплом табыстау кешіне ұшақтан түсе салысымен келген екен. Мұнымен қатар, Әділет пен оның достарын құттықтауға “Mysterions” тобы, Нұржан Керменбаев, Бейбіт Құшқалиев, Кентал сынды әншілер де асыққан.

13398387_149551622122768_1574214698_n

“Ұшақтан түсе салып, диплом табыстауға келіп қалдық. Баламның достарын құттықтауға келген алтын ағаларына алғыс айтамыз. Сендерге де жұғысты болсын. Алла – ұлық! Ұлым диплом алып, қуанып жатқан жайымыз бар. Балам, биік белестерді бағындыра бер.

Алла тағала бізге тілеген тілектеріңізді өздеріңізге еселей бергей. Әрқайсымыздың шаңырағымызда шаттық болсын, ағайын. Алла тағала саналы, салихалы ұрпақтарымыздың жақсылығын көруді ғана үйғаруды нәсіп етсін”, – дейді әнші.

13385792_1735934543322151_60021990_n

13414313_1747217298825555_268852155_n

Желі қолданушылары әншінің ұлына ақ тілектерін жаудырып, әкесіне ұқсаған азамат болып өсуін тіледі. Бүгінде Сәкен мен жұбайы Динара Әділет пен Раяна, Мәриям есімді үш бала тәрбиелеп отыр.


Жіберіп алмаңыздар:

“МұзАрт” тобы ақтөбеліктердің көңілін аулау үшін тегін концерт берді (фото, видео)

Сәкен Майғазиев: Ешкім жетісіп жүрген жоқ

Сәкен Майғазиев өзіне қауіпті вирус жұқтырып алды (фото)

Әнші Сәкен Майғазиев әйелдер колониясындағы өмірмен танысып қайтты (видео)

Талқылау