Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев “Ninety one” тобына қатысты пікір білдірді

Отандық телеарналардың бірінде бүгін тұсауы кесілген “Компромат” бағдарламасында “Мұзарт” тобының белді мүшесі Сәкен Майғазиев “Ninety one” тобына қатысты пікір білдірді.

3E0A9985

Фото: stan.kz

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

“Бірнеше жыл бұрын қазақ тілінің жырын жырлап, мұңын мұңдап жүргенде қай бағытта айтса да, қазақ тілінде шырқаса екен деп ойлайтынмын. Бірақ, кейін олар шектен шығып кетті. Өте талантты, қазақы мінезді балалар. Сөйлескені де қазақша, акцентсіз. Мақал-мәтелдері де керемет. Оны жігіттердің өздеріне де кездесіп, ағалық ақылымды айтқанмын. Жігіттер, біздің ұлтымызға, елімізге үлкен қауіп төніп тұр. Сендер жастарды өз-өзіне қол жұмсауға, әлсіздікке, ата-ананы тыңдамауға шақырмаңдар. Болмайтын жерде “өзім білемдікке” итермелемеңдер деп.

Әрине, сәнді киінгенді кім жек көреді. Бірақ, енді шектен шығып кетпеңдер. Қазір ғана қыздар жайында айттым. Қатты боянып, еріндерін үрлеп жіберді, көзі қайсы, түрі қайсысы білмей қаласың. Сол сияқты жігіттің сырға таққаны, шашын қызылды-жасылға бояғаны ұнамайды. Бұл жамандыққа бір қадам. Сол үшін ғана жігіттерді қолдамаймын. Әйтпесе жігіттердің өте талантты екендігін тағы да айтқым келеді. Бірақ, өздерінің табиғаты, болмысы, жасап жатқан қазаққа жат дүниелері қынжылтады”, – деді ол бағдарлама жүргізушісінің сауалына орай.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін аталған топқа қарсы Асхат Тарғын пікір білдірген болатын. Ол жұртты “Ninety one” тобын Ақтөбеге қаласына кіргізбеуге шақырған-ды.


Жіберіп алмаңыз:

Жұрт 20 жыл бұрынғы Сәкен Майғазиевті Ninety one әншісіне ұқсатты (видео)

Сәкен пәтерден-пәтерге көшіп, суық жатақханаларда түнеген күндері туралы айтты

Аулада қызын ойнатып жүрген Сәкен Майғазиев жұртты сүйсіндірді (видео)

Сәкен Майғазиев: Ешкім жетісіп жүрген жоқ

Талқылау