Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аула қарын күреген Сәкен Майғазиев көпшіліктің талқысына түсті (видео)

Соңғы уақыттары эстрада жұлдыздарының арасында қар күреп, оны желіге жүктеу сәнге айналғандай. Бір қызығы, бұл “эстафетаны” шоу-бизнестің нәзік жандылары бастады.

Сакен-220217-2

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Алғаш болып өз ауласында қар күреп жатқан сәтін әнші Гүлнұр Оразымбетова желіге жүктеп қойды. Тыңдармандар Гүлнұрдың еңбекқорлығына таңғалысты. Алайда бұдан да үлкен шуды Мақпал Жүнісованың қар күреген видеосы туғызды. Көпшілік жасы 50-ден асқан әншінің қарапайымдылығына, еңбекқорлығына таңдай қақты. Кейбіреулер Жүнісованы бұл қылығы үшін сынап жатты.

Ал қар күрегіш әншілердің қатарына енді Сәкен Майғазиев қосылды.

Өнердегі ер азаматтар ұятқа қалмасын деді ме, әлде жастарға үлгі болсын деді ме, әнші желідегі парақшасына өзінің қар күреп жатқан видеосын жүктеп қойды.

Оны көрген желі оқырмандарының пікірі сан-саққа жүгірді. Кейбіреулер кез келген ер адамның бұл іспен айналысатынын айтса, ендігілер танымал тұлғаның аула тазалағанына қайран қалып жатты.

Қайырлы таң, достар! 😊🇰🇿🕌🍼👼🏻👨‍👩‍👧‍👦🏡📚🌎🍞🍯🏇🎼🎤🍫🌨☀️

Публикация от Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

Жіберіп алмаңыз:

Димаштың есімі соңғы бір айда 64 448 рет аталған

Сәкен Майғазиев той әндерін насихаттауға қарсы шықты

Түсірілім кезінде Тәуекел Мүсілім жарты сағат жылап, жұмысты тоқтатты

Ағылшынша рэпті мінсіз орындаған Ғаділбек желіні шулатты (видео)

Талқылау