Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев: Ешкім жетісіп жүрген жоқ

Әнші Сәкен Майғазиев Рамазан айында ораза тұтып, күлімсіреп жүруге шақырды.

13397666_1032670830148458_1517782878_n

Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше қауіпті вирус жұқтырып, ауруханадан бірақ шыққан әнші тыңдармандарына әр күнін бағалауға кеңес берді. Мұнымен қатар, продюсер Баян Есентаеваның сауығып кетуі үшін дұға етіп жүргендігін жеткізді.

“Негізі деймін де… Рамазан айы мерекелік көңіл-күйде өтуі керек қой. Кейбіріміз, “мыналар менің аузым берік екенін біле ме екен…” дегендей ауыз бекіткенімізді міндет қылып, біреу үшін ораза ұстап жүргендей шекеміз тырысып, қабақ түйіп жүреміз.

Ұрпақтарымыз да бұл қасиетті айдың қадір-қасиетін ұғынып, жамандықтан тыйылып, тазаратын, Құран, Хадис оқып, жаттайтын, Алланың құлдарына жеңілдік берген ұлық мерекесі, сыйы екенін сезіну керек сияқты. Күліп жүрейікші, достар. Ешкім жетісіп жүрген жоқ. Алланың бізді жоқтан бар еткеніне шүкір! Рамазан – мүбәрәк!” – дейді Сәкен Майғазиев.

Негізі, дейм(ін) да… Рамазан айы осындай мерекелік көңіл-күйде өту керек қой. Кейбіріміз, “мыналар менің аузым берік екенін біле ме екен…” дегендей ауыз бекіткенімізді міндет қылып, ( біреу үшін ораза ұстап жүргендей) шекеміз тырысып, қабақ түйіп жүреміз.😊 Ұрпақтарымыз да бұл қасиетті айдың қадір-қасиетін ұғынып, жамандықтан тыйылатын, тазаратын, ҚҰРАН, ХАДИС оқып, жаттайтын, АЛЛАның құлдарына жеңілдік берген ұлық мерекесі, сыйы екенін сезіну керек сияқты. Күліп жүрейікші, достар.😊 (Ешкім жетісіп жүрген жоқ😂) АЛЛАның бізді жоқтан бар еткеніне шүкір! Рамазан – мүбәрәк! 😊🇰🇿🕋👼🏻👨‍👩‍👧‍👦🏡🌎📚🏇🌷☀️

Видео опубликовано Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

Желі қолданушылары осы уақытқа дейін Сәкен Майғазиевтен Баян Есентаеваның қайғылы оқиғасы туралы бірауыз пікір жазуды сұраған-ды. Әнші тыңдармандарының бұл тілегін ескерген секілді. Баян Есентаеваның басына түскен оқиғаның өзінің жанына да батқандығын айтады.

“Ия, құдіреті күшті Алла тағаланың алдында бәріміз қауxарсызбыз. Бір сағаттан соң не болатынын, біліп, болжай алмаймыз. Іштей тілеген тілек қабыл болады деп үш күн тілеп келдік. Өз-өзіне есеп беретін қасиетті оразада өзгенің тағдырын талқыға салып (ананы-мынаны айтып), оқырмандарым күнаxар болмаса екен деп бір тоқтадым.

Осындайда бір-бірімізді жылы сөзбен жұбатып, жігер бере алмасақ жақындығымыз қайсы?! Ақылды, әдемі, өнерлі, нәзік, шыншыл Баянжан, сен үшін жанын беруге дайын жанұяңмен жақын арада жүздесуіңді миллиондар тілейді”, – дейді Сәкен Майғазиев.


Жіберіп алмаңыздар:

Сәкен Майғазиев өзіне қауіпті вирус жұқтырып алды (фото)

Сәкен Майғазиевтің жүкті әйелі аурухананың жан сақтау бөліміне түсіп қалды

Сәкен Майғазиев: Алған несиемді жаба алмай жүрмін

Қазақстандық жұлдыздар мен спортшылар ақтөбеліктерге көңіл айтып, құран оқытты

Талқылау