Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Майғазиев отбасын тастап кеткен әріптестерінен мәдениеттірек болуды сұрады

Сәкен Майғазиев бала күнгі арманының орындалғанына қуанып әрі таңқалып жүргенін жеткізді.

18646694_213828959134841_1508414805235466240_n

Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Stan.kz.

«Бала кезімнен өнерде жүруді армандадым. Кейде Алла тағаланың құдіретіне таң қаламын. Бұрын күн ыстық кезде түсте ұрып-ұйықтатып жатқызып тастайтын еді. Сол кезде көзімді жұмып жатсам, көп көрерменнің алдында өнер көрсетіп тұрғаным елестейтін. Барлығы орындарынан тік тұрып қол шапалақтап тұратын. Мейрамбек атасының қолында тәрбиеленген. Естай атасы діндар адам болғандықтан, суретке түсірмеген. Қателеспесем, Мейрамбектің бала кезінде түскен бір ғана суреті бар», – дейді Сәкен Майғазиев.

Мұнымен қатар, әнші әріптестерінің әйелдеріне опасыздық жасауына қатысты пікір білдірді. Ол халық алдында жүрген азаматтарды мәдениеттірек болуға шақырды. «Біз сүрінсек, құлап жатыр дейді. Сәл оғаш қылық жасасақ, екі есе жаман көрінеді. Сол себепті, біз халықтың айнасы болғандықтан, үлкен жүк артылады», – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Сүйіктісімен сүйісіп тұрғанын эфирден көрсеткен Айсәуле тағы да сынға ілікті

Болманов әлемде баламасы жоқ саябақ ашып жатқанын айтып мақтанды (видео)

Алмас Кішкенбаев өзін “масқаралаған” оқушының ата-анасына ескерту жасады

Бағлан Әбдірайымов әйеліне опасыздық жасаған әріптестерін сынады

Талқылау