Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев 10 жыл бойы Мейрамбектен жасырған сырын бөлісті

Сәкен Майғазиев 10 жыл бойы жұрттан жасырған сырын бөлісіп, Мейрамбекті күлдірді.

image

Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/?hl=ru

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

Күні кеше 40 жасқа толған Мейрамбек Бесбаев Алматының төрінде дүркіретіп той жасады. Аталған отырысқа қазақ эстрадасының барша жұлдыздары келді. Олар Мейрамбекке ақ тілектерін жаудырып, көптен бері айтылмағын естеліктерін бөлісті. Осы орайда Сәкен Майғазиев те досынан 10 жыл бойы жасырып келген құпиясын ашты.

“9 сыныпты бітіріп, алғаш Чайковский колледжіне тапсыру үшін Алматы қаласына келдім. Сайран бекетінен түскен кезде Алматыны өмірімде бірінші рет көрдім. Таң арайлап атып, бозарып келе жатқан шақ болатын. Сондай әдемі. Автобустан түсе салып, “Осы қалада Мейрамбек тұрады емес пе, иә?!” деген ой келді. Қазір “Неге Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова емес, неге Нағима Есқалиева, Марат Омаров, Нұрлан Өнербаев емес? Неге ең бірінші Мейрамбек туралы ойладым екен?” деп ойлаймын. Әлі күнге дейін өзіме таң қаламын. Кеше тойда да, 10 жылдық мерей тойымызда да осыны бірінші Мейрамбекке айтып бердім. Ол “10 жыл бойы ішіңе қалай сыйып келген?” деп күлді”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Өнерде жүргендеріне 15 жыл болса да, сыйластықтары бұзылмаған олар кімге де болса үлгі. Қай әке болмасын, ұлым осындай болса екен деп армандайды. Мысалы, Нұржан Керменбаев та солардың қатарында. Ол тұңғышының тұсауын Сәкен Майғазиевке кестірді.

“Нұржан өзінің алтын асықтай ұлының тұсауын маған кестіремін деп жатыр. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе, үлкен қуаныш, оның маған артқан үміті. Маған тартса деп ырымдап жатыр екен. Мен ұлы бізден ассын деп айтар едім. Себебі, біздің шыққан биігімізден, шықпағанымыз көп. Алған қамалымыздан, алмағанымыз көп”, – дейді Сәкен Майғазиев.


Жіберіп алмаңыз:

Сиви туған күніне сыйланған мейрамхана туралы жаңалыққа ренжіп қалды

Жанат Бақыт: Арнада “крышасы мықты” адамдар ғана қалды

Қазақстандық шоу-бизнесте шағала қыздардың бары рас па?

Тәуекел Мүсілім Қытайға барып “үйленді” (видео)

Талқылау