Сақалын бояған жігіттің жағы адам танымастай ісіп кетті

Швецияның Векшё қаласында тұратын 20 жастағы Саймон Оғыз сақалын бояп еді, жағы ісіп кетті. Жас жігіт бояудан болған қатты аллергиялық реакцияның салдарынан дәрігерлерге жүгінуге мәжбүр болды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сақалын бояған жігіттің жағы адам танымастай ісіп кетті

Саймон сақалын бояғаннан кейін ешқандай жағымсыз әсер болмағанын айтты. Бірақ, келесі күні таңертең оның денесі аздап қышыған. Содан жігіт айнаға қарап еді бетінің сәл ісіп кеткенін байқады. Дегенмен, ол бұл мәселеге үлкен мән бермеді, бірақ ісік ұлғая берді. Ал кешке оны тану тіпті мүмкін болмады.

Сонда ғана жігіт дәрігерлерге баруға шешім қабылдады. Дәрігерлер оны аллергиялық реакцияның салдарынан болғанын түсіндірді және оның қауіпті емес екенін айтты. Алайда, Саймонның бетіндегі ісік өсуін тоқтатпады, тіпті біртіндеп мойны мен кеудесіне қарай тарады.

«Мен кеудемнің қышығанын сезіп, бетімнің томпайып тұрғанын көргенде шошып кеттім. Қорыққанымнан бұл қатерлі ісік пе деп ойлап қалдым. Бірақ дәрігер бояуға реакция болғанын айтып, мені тыныштандырды және күшті дәрілер тағайындады»,- дейді жігіт.

Сақалын бояған жігіттің жағы адам танымастай ісіп кетті

Бірнеше күн өткен соң аллергия қайтты, бірақ Саймон өзінің жаңа бейнесімен суретке түсу мүмкіндігін жіберіп алмады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар