Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сақал қойған “Күлпәш” өзін сынағандармен қайтпай ұрысты (фото)

Актер Берік Тұрсынбеков халық алдында ер азаматтан бұрын келін  Күлпәш  ретінде жақсы танымал. Ел ағасының жасына жеткен актер сақал қойып, жұрттың сынына қалды. Өзін жат ағымның жетегінде кеткен, сақалды насихаттама дегендерге актердің өзі жауап берді.

Актердің сөзінше сақалы үшін өзін сынаған халықтың түсінігі төмен екен.

“Мұрт қойсам жеген тамағыма қыл араласып кедергі жасайды. Одан бұрын ерінді жыбырлатып келеңсіздік тудырады. Әйтпесе, оны да көрдім. мен өз бойымдағы қайдағы бір жүн үшін неге ақталуым керек? Осы сөздеріңізге сырттан қараңыздаршы. Білімсіз халық сақал мұртты әңгіме қылады деп күлмейді ме ойы озық елдер.Қоғам,саясат жайлы әңгіме етудің орнына жүн туралы сөйлесеміз ба енді бір-бірімізбен”,-дейді актер.

Ол өз сөзінде Әбуханифа масхабында екенін де айтқан. Актердың  көрермендері оған дін туралы сұрақ жаудырып мазасын алса керек, оның жауаптарынан ашуға булыққанын да байқауға болады.

“сізге мына сақал мүлде жараспайды”. “Міне нағыз ер адамға ұқсадыңыз. Біз сізді тек әйел бейнесінде көріп үйреніп қалыппыз”. “Аға мына сақалыңызды аласалыңызшы.Түк те жараспайды. одан қалса пейілі бұзық адамдарға ұқсап қалдыңыз” деген сынды көптеген пікірлер жазылды.

Оқи отырыңыз:

Аша Матай келіндік міндетін атқара алмай, енесінен ұялып жүр

Тез танылған Қуандық Рахым 1 жыл ішінде ата-анасына зәулім үй алып берген

Ләйлә Сұлтанқызы айына миллиондап ақша табатынын мойындады

Алматыда бар-бар: Еркеге жауап ретінде түсірілген клипке Қайрат Нұртас пен Тәуекел Мүсілім түсті (видео)

 

Талқылау