Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сағынтаев Шудағы пойыз апатына қатысты тергеуді өз бақылауына алды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысындағы төтенше жағдайды тергеуді жеке бақылауына алды. Сол күні теміржол вагондарының апатқа ұшырауы салдарынан жасөспірім көз жұмған болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Сағынтаев Шудағы пойыз апатына қатысты тергеуді өз бақылауына алды

«Бірқатар тапсырмалар. «Қазақстан темір жолы» компаниясы Қарағанды ​​облысының әкімдігімен бірге марқұмның отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетсін. Денсаулық сақтау министрлігі сол күнгі оқиғадан зардап шеккендерге сапалы медициналық көмек беруді қамтамасыз етіп, бақылауына алсын. Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен, «Қазақстан темір жолы» компаниясының және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп вагондардың рельстен шығып кету себептерін жан-жақты тексеріп, зерттеу жүргізсін. Тергеу барысын мен жеке бақылауыма аламын», – деді Премьер-Министр Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында.

Үкімет басшысы сондай-ақ, «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ арнайы комиссиясына тергеу нәтижелерін жұртшылыққа жеткізу туралы тапсырма берді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында пойыз апаты болғаны жайлы хабарлаған болатынбыз. Оқиғаны анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау