Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сағынтаев: Мен өз адамдарыма қарағанда, “Атамекенге” көп сенем

Үкіметтің бүгінгі отырысында “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Абылай Мырзаxметов ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың индустриалдық аймақтарға қатысты мәліметтерімен келіспеді.

sagintaev-4

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Осы орайда премьер-министр Бақытжан Сағынтаев министрге емес, “Атамекен” басшысының сөзіне көбірек сенетінін жеткізді.

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, елімізде 25 индустриалдық аймақты құруға 24,4 млн. теңге бөлінді. Бүгінде 12 индустриалдық аймақ жұмыс істеп, онда жалпы соммасы 700 млрд. теңгенің 273 өндіріс орны орналасқан. Ол жерде 626 млрд. теңгенің өнімі шығарылды.

“Ағымдағы жылда Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында индустриалдық жобалады құруға 4,5 млрд. теңге қарастырылған”,-деді Бишімбаев.

Алайда “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Абылай Мырзаxметов министр ұсынған мәліметтермен келіспеді. Оны премьер-министр де қолдады.

“Қуандық Уәлиxанұлы (Қуандық Бишімбаев – ұлттық экономика министрі), енді, бұл жерде Абылай Исабекұлы (Атамекеннің басшысы – авт.) индустриалдық аймақтар бойынша кейбір мәліметтермен келіспей отырмын дейді. Әрине, мен бұл жерде өз адамдарыма қарағанда, Атамекенге көбірек сенемін. Себебі олар бар мәселені боямасыз айтады. Біз болсақ, министрліктерде, аймақтарда отырған біздің әріптестерміздің берген мәліметтеріне сеніп отыра береміз”, – деп атап көрсетті Сағынтаев.

Жіберіп алмаңыз:

Министр 2017 жылы енгізілетін ҰБТ жаңалықтарын түсіндірді

Алматы полициясы көлікте отырып дәрет сындырған қызметкерді іздеп жатыр

Ата-аналар қалыңмал төлеудің жаңа әдісін ойлап тапты

Тамара Дүйсенова: Жұмыссыз жүрген жастарды әскерге жіберу керек

Талқылау