Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сағынтаев халықты жер мәселесін талқылауда белсенді болуға шақырды

«Біз жер мәселесіне қатысты талқылауда халықтың максималды араласқанын қалаймыз. Қазақстандықтарды жер реформасы бойынша талқылауға жаппай араласуға шақырамыз»,-деді Сағынтаев бейсенбі күнгі брифинг кезінде.

 сағынтаев

Бұлш туралы Қазақстан Жаңалықтары жазды.

Премьер- министрдің бірінші орынбасары  Бақытжан Сағынтаев жер реформасына қатысты талқыланған жағдайлар мен мәселелерге халықтың араласуы өте маңызды деп айтып өтті. Осы мәселе бойынша jerturaly.kz сайты мен 1434 телефондары арқылы кез-келген азамат өзін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады.

«Бұл жұмысқа «Нұр Отан» партиясы  барлық өңірлердегі  бөлімшелерімен қоса араласуда. Көкейіңізде жүрген сұрақтар болса партия кеңсесіне барып хат қалдыруға, сұрап білуге болады. Біз қазір барлық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде осы мәселе төңірегінде айтылып, жазылып жатқан ақпараттың әр сөйлемін қадағалауда ұстап отырмыз»,-дейді Сағынтаев.

Оның сөзінше  жер реформасы бойынша Комиссияның келесі отырысы 21 мамырда өтпекші.

«Біз бірнеше отырысты Астанада өткізуді жөн көріп отырмыз. Қазірге комиссия құрамында негізгі мәселелердің дені  талқылауда болмайды. Ол шетел азаматына жерді жалға беру, заңды тұлғалардың қатысуы, осының өзінен тағы бірнеше сұрақтар пайда болуы мүмкін»,-деп қосып өтті Сағынтаев.

«Үш-төрт отырысты өткізіп болғаннан кейін нақты шешім қабылданған кезде аймақтарды аралауды жоспарға алып отырмыз. Барлық қоғамдық кеңестермен, аймақтардағы ұйымдармен жұмыс істейтін боламыз. Осылардың қорытындысы бойынша елбасына нақты ұсыныс жолдайтын боламыз. Ол әрине кейін парламент қарауына жіберілетін болады»,-деді Сағынтаев.

 

Талқылау