Сағынтаев беларусьтің “Ұлы дала елі” сүтіне наразылық білдірді

Жұма, 4 Желтоқсан , 2015 17:34

Қазақстан Үкіметінің вице-премьері Бақытжан Сағынтаев жұма күні беларусь өндірісі Қазақстан аумағына сату мақсатында “Ұлы дала елі” қазақстандық бренд атауымен өздерінің сүт өнімдерін шығарып жатқанын айтты.

9525750

Бұл туралы STAN.KZ Sputnik-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сүт өнімдерінде кішкентай қаріппен Беларусияда жасалған деп жазылған. Сағынтаев мұндай жағдайда импорттық өнімді отандық өнім ретінде сату қылмысқа жататынын айтты. Егер Қазақстан “Ұлы дала елі” бренді негізінде беларусь елінің сүтін қолданатын болса, ол бұл іс бойынша Евразия Экономикалық комитетіне жүгінетін айтты.

Минск “Ұлы дала елі” бренді атауымен шығарылатын сүт өнімдерін тексеретінін айтты.

Бренд өнімдеріне қатысты істер тексеру үстінде. Өйткені, Евразиялық Экономикалық Кеңесінде бәрі қатаң бақылауда. Евразиялық Экономикалық кеңесінде сыртқы нарықтағы өнімдерді қатаң тексеретін, тұрмыстық субъектілер қызметін реттейтін жүйе бар.

Егер кәсіпорын өзінің емес, сатылымға шығарған жердің “өз брендімен” шығару – ешқандай заң бұзушылық емес. Бұл жалпыға ортақ ереже. Егер қандай да бір өндірістің өзге өндіріс атауының атынан шығаруға күші жетіп тұрса, басқа маркамен не сыртқы бренд атауымен шығаруына болады, – деді БР тамақ және ауылшаруашылық министрлігі.

Олар, тіпті, мұндай жағдайдан бейхабар екенін де атап өтті. Сондай-ақ, министрлікте бұл сүттің өздерінікі екенін баса айтты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар