Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сағынтаев қазақстандық жерлердің жалға берілуінің басты шартын айтты

Жерлерімізді жоғары технология алып келеді деген шартпен жалға бергеніміз жөн. Бұл туралы бүгін экономика ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері Кенжағали Сағынтаев мәлімдеді.

2ad37506979c97c183d7c464f752ffdd

Фото: ortcom.kz

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

“Біз ауыл шаруашылық жерлерін жоғары технологияларды меңгерген, әр гектарынан табыс таба алатындарға беруіміз керек”, – дейді Сағынтаев.

Вице-премьердің айтуынша, Қазақстанға Қытай үлкен мүмкіндіктер беріп отыр. Ал мал өнімдерінің, еттің сапасы Қазақстанда жақсы, бағасы да бәсекеге қабілетті. Сондықтан да, Қазақстанның етін алуға Қытай мүдделі.

“Бұған дейін Қытайға астық өткізу өте қиын болатын. Соны ұзақ жылдар бойы келісіп жүріп, келістік. Қытайға бұрын қаппен ғана бидай тасуға рұқсат етілген еді. Қазір оның қапшығын алғызып тастадық, қалай апарсақ та болады. Квотасын алдық. Енді осындай келісімшарттардан біз не ұтыламыз?

Жалпы Қытайдан қашуға болмайды. Керісінше, оларға баруға тиіспіз. Елбасы кеше тағы да айтты, шетелдік инвесторларға, бізге сеніңдер деді. Ақша құйыңдар, жұмыс орындар ашыңдар, салық төлеңдер деп отыр. Одан қазақ ұтыла ма? Сондықтан да, дұрыс түсінейік, дұрыс түсіндіруге тырысайық. Жерді ешкім де шетелдікке сатайын деп отырған жоқ. Біз ауыл шаруашылығын дамытқымыз келеді. Осыны жұртқа дұрыс түсіндірсеңіздер”, – дейді Сағынтаев.

Оның айтуынша, жеріміз жалға беріліп қана қоймай, сапасының бүлінбеуі де жіті бақылануы тиіс.


Оқи отырыңыз:

Шаханов: Аралас некедегі адамдардан келетін қауіпті Жер туралы заңға енгізуіміз керек

 

Талқылау