Қазақстанда ҰБТ-ға қайта өзгерістер енгізу ұсынылды

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бүгінгі үкімет отырысында ұлттық бірыңғай тестілеу тәртібінде орын алуы мүмкін өзгерістер туралы айтты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Сағадиев: ҰБТ-ның форматы өзгеру мүмкін

«Жыл бойы Білім және ғылым министрлігіне ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу процесін жетілдіру мақсатында педагогикалық қоғамдастықтан, ата-аналардан көптеген ұсыныстар түсті. ҰБТ мен кешенді тестілеу бірдей функцияны атқаратындықтан, осы екі тестті біріктіру ұсынылды », – деді министр үкімет отырысында.

Оның айтуынша, мұғалімдер оқушыларды ҰБТ-ға даярлаудан босатылуы тиіс.

«ҰБТ университетке түсу үшін таспыратын емтихан болғандықтан мектеп мұғалімдерін ҰБТ ұйымдастырудан босату ұсынылады. Мектептер түлектерді ҰБТ-ға дайындамауы керек. Мұғалімдер тек мектеп бағдарламаларын меңгеруге көмектесуі қажет. Сондықтан осындай тестілеулер мектепте өткізілмеуі керек. Сондай-ақ, мемлекеттік білім гранттарын оқу тіліне – қазақ немесе орыс тілдеріне бөлмей тағайындау және тағы бірнеше ұсыныс бар. Бұл ұсыныстар тамыз айында өтетін кеңесте талқыланады », – деп түсіндірді Е.Сағадиев.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Сағадиевті тыңдағаннан кейін бұл ұсыныстарды жақын арада талқылауға уәде берді.

«Биылғы жылы ҰБТ жүйелі тәртіпте ешқандай ауқымды үзілістерсіз өтті. Көп жұмыс жасалды. Сағадиевке енді дәл осы деңгейде қайта сынақ өткізу қажет. Барлық айтылған ұсыныс-тілектер тамыз айындағы мұғалімдердің кеңейтілген кездесуінде талқыланатын болады. Келесі жылы біз ҰБТ-ға басқаша дайындалатын боламыз деп ойлаймын», – деді үкімет басшысы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар