Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сағадиев: Ағылшынша үйрене алмаған мұғалімдер қайтадан оқиды

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектепке арналған оқу бағдарламасы жаңаруына байланысты мұғалімдерді қайта дайындау ісіндегі өзгерістер туралы айтты.

Бұл туралы Вaq.kz хабарлайды.

Министрдің айтуынша, алыс ауылдардағы мұғалімдер аймақ орталықтарына және ірі қалаларға келіп ағылшын тілі курстарын оқитын болады. Курсқа келушілерге стипендия беріледі, тұратын жер және тамақпен қамтылады. Бұл жөнінде ол білім беру саласындағы ынтымақ жөніндегі қазақ-американ форумының дәлізінде журналистерге берген сұхбатында айтты.

«Келесі жылы бағдарламаны жетілдіріп, кеңейтуді жоспарлап отырмыз, ал қазір өзгерістер мұғалімдермен талқылануда. Бұл Қазақстан үшін жаңа тәжірибе, біз курстардан өткен мұғалімдермен сөйлесіп, олардың қайта дайындауға қатысты ұсыныстарын жинап жатырмыз. Кей кісілер үшін уақыт аз болғаны түсінікті. Кім үлгермеді, ол әрі қарай оқуы керек, біз осыған жағдай жасаймыз. Расында, белгілі бір деңгейге жетпеген мұғалімдерді мектепке сабақ беруге жіберуге болмайды, бірақ уақыт бар» деді Сағадиев.

Қазіргі тәртіп бойынша ағылшын тілі курсын оқу мерзімі – 9 ай, енді оны қайта оқу мәселесі қаралып жатыр.

«Көбі меңгеріп алатанына сенімді, кейбірі меңгеріп те алды. Біразы тілді бұрыннан білетін, енді біразы өз беттерінше үйреніп жатыр» деді министр.

Оқи отырыңыз:

Асүйде әйелім өртеніп жатты: өрттен зардап шеккен Орал тұрғынының күйеуі оқиғаның мән-жайын айтты (фото, видео)

Астаналықтарды күл-талқаны шыққан көліктер легі шошытты (видео)

Қазақстанда иттерінің артын жинамаған адамдарға айыппұл салынатын болады

Қазақстандық ата-әженің не себепті үйлену тойын жасағаны белгілі болды (фото, видео)

Талқылау