Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сафар Шәкеевтің анасы ұлына қатысты үндеу жариялады

Алматыда із-түзсіз жоғалған Сафар Шәкеевті іздестіру әлі жалғасып жатыр. Бүгін енді оған тікұшақ та жұмылдырылды. Әуе көлігімен тәртіп сақшылары таулы аймақтарды түгел сүзіп шықпақ. Ал туған-туыстары оны белгісіз біреулер жасырып ұстап отыр деген пікірде. Соған байланысты, Сафардың анасы ұлының жоғалуына қатысы болуы мүмкін деген адамдарға үндеу жасады, – деп хабарлайды КТК арнасы.

0000000

Фото: instagram.com/milka_koda/?hl=ru

“Ұлымды ұстап отырған біреулер болса, айтарым, бүкіл отбасымыз сіздерге ешқандай шара қолданбайды. Тек қалада кез келген аялдамаға немесе басқа бір жерге тастап кетсеңіздер болғаны. Анасы ретінде мені түсінулеріңізді сұраймын”, – дейді Сафар Шәкеевтің анасы Жібек Шәкеева.

Белгілі композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы 25 жастағы Сафар Шәкеев осыдан 10 күн бұрын жоғалып кеткен болатын. Соңғы рет таңғы 7:30-да әл-Фараби даңғылы мен Есентай өзенінің қиылысында болғаны бақылау камерасына түсіп қалыпты.

Бүгінде құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірге ағайын-туыстары, достары және еріктілер тобынан құралған 50 адам күн сайын іздестіріп жатыр. Сүңгуірлер Есентай өзенін сүзгілеп, ештеңе таппапты. Сондықтан туыстары Сафарды біреулер ұстап отыр деген сенімде.


Жіберіп алмаңыз:

Сафар Шәкеевке ұқсайтын жігітті 3 күн бұрын көрген куәгер табылды

Еркеш Шәкеев ұлының жоғалуына байланысты мәлімдеме жасады

Экс-министр Зейнолла Кәкімжанов Еркеш Шәкеевтің ұлын іздестіру жұмыстарына атсалысуда

Тоқаев Сафар Шәкеевтің тезірек табылуына тілектестігін білдірді

Талқылау