Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Saebiz» деген жазуы бар футболка шығарылды

Интернетте сәбіздің суреті мен латын әліпбиінде «Saebiz» деген жазуы бар футболка пайда болды.

 fbcba75599e5fbe4887eb1b2d95a50d0

Осы аптада қызу талқыланған «Saebiz» сөзі жазылған футболканың суреті әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таралып жатыр. Ал тоқыма бұйымын кім және қайда өндіріп жатқаны әзірге белгісіз, деп жазды Оtyrar.kz.

Сондай-ақ, ғаламторда қазақстандықтар арасында дау тудырған диграфқа журналистермен кездесуінде елбасы да тоқталып өтті.

«Адамдар «сәбіз» сөзіндегі ә әрпін (saebiz) қалай оқимыз деп бас қатырып жүргенге ұқсайды. Ә әрпі ае болып таңбаланады. Олар сонда біз бұл сөзді «саебиз» деп оқуымыз керек пе деп жатқан көрінеді. Олай болса boeing сөзі ағылшынша қалай оқылатынын еске түсірейік? Ал «мектеп» сөзін ағылшынға қалай оқимыз? Француз тілінде, мәселен, бір дыбысты айту үшін 10 әріп қажет. Сондықтан бұлай айту дұрыс емес (…). Қазақ тілінде щ, ю, я дыбыстары жоқ. Қазақстан Японияны Жапония дейді. Ч әрпі, жіңішкелік белгісі, жуан белгісі жоқ. Яғни, біз осы әріптерді қолданып нағыз қазақ тілін бұрмалап жүрміз. Яғни, қазір біз өз тіліміздің негізіне оралып жатырмыз. Бұл мемлекетіміз үшін маңызды оқиға», – деді мемлекет басшысы.

Тағы да оқыңыз:

Лас-Вегаста «Головкин-Альварес» бокс кеші басталды

Қайрат Нұртастың 10 жыл бойы келіншегін жасыруының себебі белгілі болды

Тоқтар Серіков: 91-ге ерегіскенде сақалым ағарғанша сахнада жүремін

 

 

Талқылау