Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәдуақасова дағдарыс салдарынан Caffeine тобын таратты

Бүгінде өз тыңдармандарын қалыптастырып үлгерген Caffeine тобы ресми түрде өз жұмысын тоқтатты. Енді бойжеткендер Әсел Сәдуақасовамен бірге жұмыс істемейді.

image

Фото: instagram.com/asselsadvakassova/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші, актриса әрі продюсер болып жүрген Әсел Сәдуақасованың мұндай шешім қабылдауына дағдарыс әсер еткен. Өздеріне деген сұраныс күрт төмендеп, шығынға ұшыраған.

“Өкінішке орай, әзірге жаңалықтарымыздың дені осындай. Мен бұл ешкімге ұқсамайтын ұжымның өсіп-өнуіне қол ұшын созған әр адамға алғыс айтамын. Бізге бей-жай қарамаған барша тыңдармандарымызға алғыс айтқым келеді. Барлық жақсы іс тек сіздердің арқаларыңызда жүзеге асты. Болған және бола береді де!

Қыздар, сендерге шын жүректен табыс тілеймін. Алдағы уақытта сендермен жолығып, әлі талай жобаның басын қайыратынымызға сенімдімін. Әр адамды алда жақсылық күтіп тұрады! Осыны естен шығармаңдар, алтындарым”, – деп Әсел Сәдуақасова қыздарымен қимай қоштасты.

кофеин

Дәл қазір Әнел аудармашы болып жұмыс істесе, Дина өз бақытын іздеп Қытай еліне кеткен. Ал шоу бизнес саласына қайтып оралатын немесе оралмайтындары белгісіз.


Жіберіп алмаңыздар:

Әсел Сәдуақасова: Отыздан ассам да, отырып қаламын деп қорықпаймын

Әсел Сәдуақасова Санжар Мәдиевті айналдырып алды

Әсел: Қыздар арасында достық болмайтынына көзім жетті

Әсел Сәдуақасова жұрт алдына Әлия Назарбаева топтамасының көйлегін киіп шықты

Талқылау