Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Садриддин Аxмедов бокстан Король кубогы турнирінің чемпионы атанды

Таиландта бокстан өтіп жатқан “Thailand International Invitational Tournament” турнирінің финалына шыққан 69 келідегі Садриддин Аxмедов финалдық жекпе-жекке шықпай-ақ чемпион атанды.

1491638036_article_b
Ол финалда Рио Олимпиадасының финалында Данияр Елеусіновтен ұтылған өзбекстандық боксшы Шаxрам Гиясовпен жұдырықтасуы керек болатын. Бірақ, Өзбекстан құрамасының бапкерлер құрамы Шаxрам Гиясовты финалдық жекпе-жекке шығарудан бас тартыпты.  Сондай-ақ, Олимпиада чемпионы Хасанбай Дусматов та финалдық кездесуге шықпайды.

Мұны өзбекстандық бапкерлер “Хасанбай мен Шаxрам құрамамыздың тәжірибелі боксшылары, сондықтан Азия чемпионатына жарақатсыз қатысқанды қалаймыз. Және бұл чемпионат Әлем біріншіліне іріктеу кезеңі болмақ”, дейді. Сондай-ақ, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Король кубогында 7 боксшы апарып, үш медаль иеленді. 69 килода сынға түскен Садриддин Аxмедов чемпион атанса, 52 килодағы Азат Маxметов пен 75 кило салмақтағы Ерік Әлжанов қоланы қанағат тұтты.

Жіберіп алмаңыз:

Геннадий Головкин 35 жасқа толған туған күнін Лос-Анджелесте атап өтуде (фото)

Шәріпова ресейлік қарсыласын рингке шықпай жатып нокаутқа жіберді

Сондерс Головкинге соңғы мүмкіндік беретінін айтты

Головкинді жеңе алатын тағы бір боксшының есімі аталды

Талқылау