Сәбит Әбдіхалықов Мүсірепов театры басшылығынан кетті

Сәбит Әбдіхалықов Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры басшылығынан кетті. Актердің орнын енді кім басатыны да белгілі болды. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығымен, бұл қызметті енді Азамат Сатыбалды атқарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сәбит Әбдіхалықов Мүсірепов театры басшылығынан кетті

4 жыл бойы балалар мен жасөспірімдер театрына басшылық еткен Әбдіхалықов болса басқа қызметке тағайындалды.

“Бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының бұйрығымен Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры директорының міндетін атқарушы болып Азамат Сатыбалды тағайындалды.Театр ұжымына жаңа директорды вице-министр Ақтоты Райымқұлова таныстырды”, – деп хабарланды Мұхтар Әуезов атындағы драма театрдың баспасөз қызметінен.

Ал Сәбит Әбдіхалықов Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының басшысы қызметіне бекітілді. Бұрынғы директор Ерлан Біләл парамен ұсталған соң, бұл қызметті Асхат Маемиров атқарған болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар