Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәбит Әбдіқалықов инфаркт алып жатып қалды

Актер Сәбит Әбдіқалықов осыдан бір апта бұрын инфаркт алып жатып қалған.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қазақстан Жастар Одағының және “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Сәбит Әбдіқалықов осыдан бір апта бұрын инфаркт алып, төсек тартып жатып қалған. Жайсыз хабармен Асылхан Төлепов бөлісті.

“Сәбит көкем инфаркт алып жатып қалыпты… Алла сақтап аман қалды. Алла шипасын берсін! Бағана барғанда дәрігерлер кіргізбеді ағамызға. Ауырмаңыз, жаныңыздамыз. Бәріміз дұға етейік”, – дейді Асылхан Төлепов.

Инфарктты не себепті алғанын актердің өзі Stan.kz тілшісіне айтып берді.

“Аллаға шүкір, қазір ауруханада жатырмын. Инфаркт алғаным да рас. Бұрыннан бері қан қысымым қатты көрілетін. Барлығы соның салдарынан болды”, – дейді Сәбит Әбдіхалықов.

Бүгінде Сәбит Әбдіқалықовтың Айгүл Иманбаевадан туған Асылжан есімді бір ұлы, Алтынай Жорабаевадан туған төрт қызы бар. Өзі “Ақбура НС” жауапкершілігі шектеулі серіктестігін туыстарымен бірге басқарады. Серіктестік жолаушыларға арнап пойыз төсеніш-жамылғыларын тігумен айналысады.


Жіберіп алмаңыз:

Алтынай Жорабаева енесімен неге бірге тұрғысы келмейтінін айтты

Айгүл Иманбаева болашақта жалғыз қалудан қорқатынын айтты

Құрбыларымен көшеде билеген Алтынайды тыңдармандары сынап тастады (видео)

Алтынай Жобаваеваның атқа отырып,тау бөктерінде еркін шапқанына көпшілік таң қалды

Қазақстандағы көпбалалы жұлдыздар

Талқылау