Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сабина Әзімбаева “Ғаламшар аруы” жанкүйерлерін ерекше хоббиімен таңғалдырды (видео)

18 жастағы “Ғаламшар аруы” байқауының қатысушысыСабина Әзімбаева хоббиін айтып, әділқазылар мен жанкүйерлерді таңғалдырды.

Сабина Әзімбаева

Бойжеткен бокспен айналысады. Бала күнінен осы спорт түріне қызыққан. Әкесі кәсіби боксшы. Сабина әкесінің өнерін теледидардан көріп, осы спортқа өзінің де қызығушылығы оянғанын айтты. Сабина бала күніне боксқа қатысқан.

“Мен өзімнің боксты жақсы көретінімді түсініп, осы спортқа бардым. Топта тек ер балалар болатын. Бірақ одан ұялмайтынмын”, – дейді Сабина.

Сабина 14 ақпанда өмірге келген. Аударма-гид мамандығы бойынша білім алған. Бокстан бөлек би билейді. Мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театрында өнер көрсетеді.

Жастығынга қарамастан Алматы аруы атанды. “Қазақстан аруы” байқауында бесінші орын алды.

“Менің өзіме көңілім толады. Әр қыз өзін жақсы көруі керек. Кемшілігін артықшылығына айналдыруы керек. Әркімнің өз әдемілігі болады. Сіз арық не толық, аласа не ұзын болуыңыз мүмкін, бірақ ол үшін ешкімге ақталуға міндетті емессіз”, – деп жазады ару желіді.

Айта кетейік, “Ғаламшар аруы” бауқауының жеңімпазы анықталды. Тәжді Филиппин аруы иеленді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау