Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сабина Алтынбекованың суреті 7-сыныптың оқулығында жүр

Қазақстандағы спортшы қыздардың арасында елге кеңінен танылған Сабина Алтынбекованың суреті 7-сыныпқа арналған орыс тілі кітабының ішінде жүр.

сабина

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Дина Ибраева есімді азаматша әлеуметтік желідегі жеке парақшасына оқулықтың бетін суретке түсіріп салған. Оның айтуынша, кітап «Атамұра» баспасынан шыққан.

«7-сыныпта оқитын жиенімнің орыс тілі кітабында Сабина Алтынбекованың суреті жүр. «Сұлулық, аниме, фолловер, инстаграм…Қазіргі орыс тілінің оқулығы осындай сөздермен толығыпты», – деп жазған Дина Ибраева.

Айта кетейік, волейболдан 17-ші Азия чемпионаты өтіп жатқан кезде Қытайдың БАҚ-тары Сабина Алтынбекованың сұлулығын жарыса жазған еді. Осылайша, қазақ қызы әлемдегі ең сұлу спортшылардың рейтингісіне енді. Оның келбеті әсіресе шығыс және оңтүстік-шығыс халқын тамсандырды. Қазір Алтынбекованың Instagram парақшасында 608 мың тіркелуші бар.

Жіберіп алмаңыз: 

Карағандылық салық қызметкерлері Головкиннің туған бауырын сотқа берді

Илья Ильин Ақтау сахнасында брейк биін биледі (видео)

Назарбаев ата-аналарға балаларын қандай спорт түріне беру керектігі жайлы кеңес берді

Талқылау