Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәбина Алтынбекова спорттық киімдер топтамасын жарыққа шығарды

Қазақстандық ең сұлу волейболшы Сәбина Алтынбекова өз атын брендке айналдырып, спорттық киімдер топтамасын шығарды.

Screenshot_4

Бұл туралы спортшы өзінің Instаgram-дағы парақшасында хабарлады.

Волейболшы Zibroo Sportswear брендімен бірлесіп, өзінің атынан спорттық киімдер шығарды. Киім логотипі Сәбинаның құрметіне – S20 деп аталды. Топтамада футболкалар, свитшоттар, спорттық костюмдер және т.б. спортпен айналысуға қажетті киімдер бар.

«Енді сізде Алматы, Сейфуллин көшесі 534 дүкендерінде спорттық киімдерді сатып алу мүмкіндігі пайда болды. Сатылымның ашылу күні 19 қараша 2016 жыл. Келіңіз, қызықты болады! Мен 13:00 дүкендердің бірінде боламын:). Кездесеміз, араласамыз, суретке түсеміз:) және кейін онлайн сатылымды қосу жоспарлануда. Сіздерді көретініме және жағымды әсерлермен бөлісетініме қуаныштымын», – деп жазды спортшы.

Айта кетейік, дәл осы Zibroo компаниясы Рио Олимпиадасына қатысқан Қазақстан құрамасына спорттық костюмдер тігіп берді.

Жіберіп алмаңыз:

«Қанат Ислам» маркасымен киімдер сатылымға шықты

“Ninety one” тобы халық әнін орындап айды аспанға бір-ақ шығарды (видео)

Ерке Есмахан: Ұлымды ойлағандықтан әкесіне қатысты көп жайтты жасырып қалдым

Карина Абдуллина ұлын Болат Сыздықовтың атына жаздырғанын айтты

Талқылау