Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәбилянов: Кейбір қазақстандықтардың тұрғын үй кезегінде тұрғанына 20 жылдан аса уақыт өтті

Бірінші кезекте ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бері тұрғын үй кезегінде тұрған қазақстандықтарды баспанамен қамту керек. Бұл туралы Мәжілістегі  «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде өткен дөңгелек үстел барысында Нұртай Сәбилянов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Нұртай Сәбилянов

«Нұрлы жер» – өте қажет бағдарлама. Себебі ол еліміздегі маңызды мәселелердің бірі – халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуді шешуге бағытталған. Осыған байланысты, бірінші кезекте жобалық-сметалық құжаттардың өз уақытында әзірленуіне және қаржының мақсатты, тиімді жұмсалуына назар аудару керек», – дейді Нұртас Сәбилянов.

Сонымен қатар депутат салынып жатқан үйлердің сапасын арттыру қажет екенін атат өтті.

«Салынып жатқан үйлер сапалы болуы тиіс. Бұл ретте мердігер құрылыс компанияларының жауапкершілігін арттыру керек.

Сонымен қатар бүгінде көптеген адам баспанаға мұқтаж. Олардың кейбірі ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бері тұрғын үй кезегінде тұр. Сондықтан бірінші кезекте 1990-1995 жылдардан бері кезекте тұрған адамдарды баспанамен қамту қажет», – дейді Нұртай Сәбилянов.

Оқи отырыңыз:

Елімізде мемлекеттік мекемелер өз қызметшілеріне баспана алуға пайызсыз қарыз беруі мүмкін

Шымкентте бір отбасын қатігездікпен қырып салған ер адамға қатысты істің анық-қанығы белгілі болды

Үлкен Алматы өзенінің суы неліктен қызыл түске боялғаны белгілі болды

Әйелімнің жалақысы жақсы, баланы өзім қараймын: Елімізде декретке шығатын азаматтар көбейіп барады

Талқылау