Сәбиін емізген аналарды ұрып-соғатынын айтып қорқытқан әйел жұртты ашуландырды

АҚШ тұрғыны Карли Кларк қоғамдық орындарда баласын емізген әйелдерді ұрып-соғатынын айтып қорқытқан. Өз кезегінде оның бұл жазбасы желіде шу тудырды.

Сәбиін емізген аналарды ұрып-соғатынын айтып қорқытқан әйел жұртты ашуландырды

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Мен ештеңеге өкінбеймін. Менің балаларымның жанында отырып сәбиін емізу үшін омырауын ашатын әйелдің көзін көгертемін. Және сәбиді де әрі әкетіңіздер. Себебі мен оны да ұрып жіберемін»,- деп жазған Кларк Facebook-парақшасында.

Алайда ол артынша жазбасын өшіріп тастаған.

Өз кезегінде Кларктың жазбасы қоғамда шу тудырды. Көптеген жас аналар оның сөзін оқып, өзін қорлағандай сезінген.

«Ол маған және балама сес көрсетіп жатыр. Мен де осы штатта тұрамын және 9 айлық қызымның қарны ашқан кезде, қай жерде жүргеніме қарамастан оны еміземін», – дейді желі қолданушыларының бірі.

Алайда Кларк желідегі жазбасы үшін өзіне ұрысқандарға жауап берді. Айтуынша, ол жазбасын нақты бір әйелге ғана арнаған. Ол бір танысының өзі жұмыс істейтін жануарлар дүкеніне келіп, балаларының көзінше сәбиін емізе бастағанын айтты.

Десе де әйелдің түсініктемесі жағдайды өзгерткен жоқ.

Артынша Карли жұмыс істейтін жануарлар дүкенінің иесі бұл жағдайдан хабардар болып, оны жұмысынан шығарып жіберді. Сондай-ақ, болған жағдай үшін көпшіліктен кешірім сұрады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар