Сәбиі тас жол бойында өлтірілген жамбылдық оқушы күйеуге шығатын болды

Сәрсенбі, 20 Қаңтар , 2016 10:02

Жамбыл облысында көлікте босанып, сәбиін жолда асырап алған шешесі тас жолға лақтырып өлтірілген оқушы қыз күйеуге шығатын болды.

ad050a988524ff52e3695b745e19bbb5_XL

Бұл туралы SN хабарлайды.

Талас ауданына қарасты  Ақкөл ауылындағы №14  колледж директорының айтуынша, шетінеген нәрестенің әкесі қызбен татуласып, жас болса да отау құруға бел байлапты. Жігіт осы колледждің студенті .

Оқу орнының директоры Әбләмит Ахметовтың айтуынша, жас жігіт колледждегі үлгілі студенттердің бірі, спортпен айналысып, оқуында қатарының алды болған. Оқиға болғаннан кейін ұстаздарымен тілдескен ол оқушы қызды расымен де жақсы көретінін, орын алған жайтқа қатты қайғыратынын айтқан көрінеді.

Қыздың туған ата-анасы жігітті кешіріп, екеуінің үйленуіне қарсы емес екенін айтып отыр. Баланың да ата-анасы құда түсіп келмек ниетте. Оның үстіне, болашақ құдалар бір-бірімен көрші екен.

Естеріңізге салайық, 13 қаңтар күні Жамбыл облысы Ақкөл ауылының іргесіндегі тас жолдан өлі сәбидің денесі табылған болатын. Тексеру барысында белгілі болғандай, нәрестені 16 жастағы мектеп оқушысы көлікте босанған. Алайда, аман туылған сәбиді қыздың өгей анасы көлік терезесінен лақтырып, беймезгіл туылған баладан құтылмақ болған еді. Қазіргі таңда басты күдікті қамауға алынған. Сондай-ақ, көлік жүргізушісі де болған жайтты полицияға хабарламағаны үшін істі болып жатыр.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
31.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар