Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәбиді шапалақпен аямай сабаған әйел Өзбекстаннан табылды

Кішкентай сәбиді аямай шапалақпен ұрған әйел Өзбекстаннан табылған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

3569874122

“Жедел-іздестіру шараларының арқасында Өзбекстан Республикасының ІІМ-мен бірлесе отырып емшектегі сәбиге қатысты тым дөрекі әрекет жасаған әйелдің тұлғасын анықтау мүмкін болды. Ол өз кінәсін толықтай мойындады. Сотқа дейінгі тексеру жұмыстары барысында оған мемлекеттік шекараны кесіп өтіп, Қазақстан Республикасының миграциялық заңын бұзғанына байланысты да айып тағылуы мүмкін”, – деп хабарлады ҚР ІІМ ақпарат және мемлекеттік тіл департаментінің басшысы Алмас Сәдубаев.

Оның сөзінше, қазір күдіктінің тұрғылықты жеріне байланысты қылмыстық істі жалғастыру бойынша халықаралық тапсырма дайындалу үстінде.

Еске сала кетсек, әйелдің сәбиді аямай ұрып жатқан видеосы Инстаграм желісін шарлап кеткен еді. Кадрде әйелдің диванда жатқан сәбиді ұрғаны және оған “Ауызыңды жап!” деп айқайлағаны анық естіледі.

Оқи отырыңыз:

Атырауда кіші жүз руларының атымен аталатын печенье шықты (видео)

17 жасында миллион теңге табыс тапқан қазақ баласы кәсібінің сырын айтты

Есек терісінің бағасы: Елімізде есек терісінін алушылар оны қайда өткізеді

Өзінің ең қымбат, ең қимас нәрсесін Алла үшін біреуге беру дұрыс па

Талқылау