Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәбиді емізудің әйел үшін қандай пайдасы барын біле жүріңіз

Әйелдер баланы, әдетте, бір жасына дейін емізіп жатады. 2 жасқа дейін емізетіндері кемде-кем. Ал, Қасиетті Құранда толықтай екі жыл емізу бұйырылған.

image153695120

Бұл туралы Ihsan.kz сайтында жазылды.

Ана сүтінің бала үшін өте пайдалы екендігі, оны ешбір тағам алмастыра алмайтындығы белгілі. Лактация кезеңі неғұрлым ұзақ болса, пайдасы да соғұрлым арта береді. Ал, 2 жасқа дейінгі емізудің әйел ағзасы үшін тигізер пайдасы қандай?

Ана сүті 1 жастан асқан соң азая бастап, 2 жасқа қарай ол процесс тоқтайды. Егер емізу 1 жаста тоқтаған болса, сүт омырауда жинақтала бастайды, жиналып-жиналып – маститке айналады, мастит- омырау рагын тудырады. Яғни, 2 жасқа дейін емізу әйелдерді 54 пайызға омырау обырынан сақтайды. Басқа да онкологиялық аурулардың алдын алады. Артық салмақтан сақтайды. Ана сүтіне күніне 400-600 килокалорий жұмсалады. Міне, сондықтан балаларыңызды екі жыл емізуден қашпаңыздар! Оның өзіңіз үшін де, балаңыздың физикалық, психологиялық тұрғыдан өсіп-дамуына, қалыптасуына аса пайдалы екенін ұмытпаңыздар.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда қандай жемістер мен көкөністерде нитраттар көп

Сәбиді қырқынан шығарудың құпиясы неде?

Баланы сүндеттеудің медицинадағы пайдасы қандай?

Екібастұзда білім бөлімінің басшысы ҰБТ-дан жақсы нәтиже көрсету үшін мектептерден ақша жинаған

Талқылау