Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайтыс болған анасының омырауын еміп жатқан сәби жұрттың жүрегін тебірентті

Үндістанда 17 айлық сәби қайтыс болған анасының омырауын еміп жатқан жерінен табылды. Әйелдің мүрдесі темір жолдың жанында жатқан.

юдд

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

«Біз темір жолдың жанында әйелдің жатқанын көрдік. Бірден полицияға хабарластық. Сәби анасының омырауын еміп жатыр екен. Тіпті, оның қайтыс болып кеткенін сезбеген. Қатты жанымыз ашыды», – дейді 27 жастағы куәгер Мону Бэлмики.

Бұл оқиға полиция қызметкерінің жүрегін тебіренткен-ді. Ол да сәбидің қайтыс болып кеткен ана сүтін еміп жатқанын өз көзімен көрген екен. Мұнымен қатар, ол тергеу жұмыстарының жүріп жатқанын мәлімдеді. Ал сәби ауруханаға жеткізілді.

всц

«Сәбиді ауруханаға таңғы сағат 10:00 шамасында алып келді. Ол қатты суықтап қалған екен. Толықтай медициналық тексеруден өтті. Қуанышымызға орай, оның дені сау», – дейді дәрігер.

Талқылау